Зерттеулер

Зерттеулер

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2035 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес ғылыми-зерттеу қызметі біздің ұйымымыздың тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады.

Оның іргелі негіздерінің бірі «зерттеу негізінде дамыту» принципі болып табылады. Бұл ғылыми негізделген және тиімді шешімдер қабылдау мақсатында білім, ғылым және практиканы біріктіру.

2023 жылдан бастап ДББҰ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген. Бұл мәртебе мұғалімдерге, зерттеушілерге және зияткерлік мектеп қызметкерлеріне кең мүмкіндіктер ашады:

  1. зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысу;
  2. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
  3. жетекші ғылыми дерекқорларға ұлттық жазылымға қол жеткізу және т.б.

Зерттеу жүргізу мүмкіндіктері, өз құзыреттеріңізді дамыту және зерттеу  жобаларына қатысу туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемеде арқылы біле аласыз: https://research.nis.edu.kz/kk/