Пайдалану келісімі
«NIS Ustaz білім беру кеңістігі» ақпараттық жүйесін
пайдалану келісімі
Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ақпараттық жүйесін пайдалану ережелерін белгілейді, БСН 080540020707 (бұдан әрі – Құқық иеленуші) сонымен бірге Құқық иеленуші мен «NIS Ustaz білім беру кеңістігі» ақпараттық жүйесін пайдаланатын тұлға (бұдан әрі – Пайдаланушы) арасындағы келісім болып табылады.
1. Келісімнің мәні
1.1. Осы Келісімге сәйкес, Құқық иеленуші Пайдаланушыға «NIS Ustaz білім беру кеңістігі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – Платформа) сервистері мен контентін тегін пайдалану мүмкіндігін береді, ал Пайдаланушы Платформаның сервистері мен контентін тек білім беру мақсатында ғана (кейін коммерциялық тарату немесе табыс алу мақсатында пайдаланбай) қолдануға міндеттенеді.
1.2. Осы Келісімге сәйкес, Құқық иеленушінің жазбаша рұқсатынсыз Пайдаланушыға Платформаның сервистері мен контентіне қатысты мынадай әрекеттерді жасауға тыйым салынады:
контентті көбейту;
туындылардың (контенттің) түпнұсқасын немесе даналарын кез келген тәсілмен тарату: сату, айырбастау, жалға беру, өзге де операциялар жасау, соның ішінде ашық телекоммуникациялық желіде;
туындының (контенттің) даналарын, соның ішінде автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатымен жасалған даналарын тарату мақсатында импорттау;
туындыны (контентті) көпшілікке көрсету;
туындыны (контентті) көпшілік алдында орындау;
туындыны (контентті) көпшілікке жария ету, оның ішінде эфирге беру немесе кабель арқылы тарату;
туындыны (контентті) эфир арқылы тарату, соның ішінде алғашқы және (немесе) кейінгі рет эфирге беру арқылы көпшілікке жеткізу;
туындыны (контентті) кабель арқылы тарату, соның ішінде алғашқы және (немесе) кейінгі рет кабельдік желілер арқылы көпшілікке жеткізу;
туындыны (контентті) аудару;
контентті қайта өңдеу, аранжировка жасау немесе өзге де тәсілмен өзгерту;
туындыны (контентті) көпшілікке қолжетімді ету.
1.3. Құқық иеленуші Пайдаланушыны Active Directory (AD) негізіндегі бірыңғай аутентификация механизмі арқылы тіркейді.
1.4. Платформаны пайдалану Пайдаланушының осы Келісімнің барлық шарттарына толық келісетінін білдіреді.
2. Пайдаланушының жеке деректері
2.1. Осы Келісімді бекітіп, Платформада авторизациялану арқылы Пайдаланушы Құқық иеленушіге өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді (жүйелеу, жинақтау, сақтау (оның ішінде наразылық туындаған жағдайда), нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану (оның ішінде Пайдаланушылармен жеке хабарласу мақсатында, Құқық иеленушінің материалдарын тарату, іс-шараларға, конференцияларға, көрмелерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да мақсаттарда шақыруларды жіберу), тарату (оның ішінде үшінші тұлғаларға беру және шекарааралық тасымалдау), ұсынылған деректерді иесіздендіру, блоктау және жою, орналастыру/көрсету).
3. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
3.1. Пайдаланушы осы Келісімде көрсетілген шектер мен тәсілдер шеңберінде Платформаны (контент пен сервистерді) пайдалануға құқылы.
3.2. Егер Келісімге өзгерістер енгізіліп немесе оның жаңа редакциясы жарияланып, Пайдаланушы онымен келіспеген жағдайда Платформаны пайдаланудан бас тартуға құқылы.
3.3. Платформа бойынша қажетті ақпарат алу үшін Пайдаланушы техникалық қолдау қызметіне жүгінуге құқылы.
3.4. Пайдаланушы өзінің тіркелгі деректерінің құпиялылығын сақтауға, оларды үшінші тұлғаларға жарияламауға және басқа Пайдаланушыларға бермеуге міндеттенеді.
3.5. Пайдаланушы Платформада Құқық иеленушінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзуы мүмкін ақпарат пен материалдарды (оның ішінде сілтемелерді) орналастырмауға міндеттенеді.
3.6. Пайдаланушы Платформаны тек білім беру мақсатында пайдалануға, ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге және оны коммерциялық тарату немесе табыс табу үшін қолданбауға міндеттенеді.
3.7. Пайдаланушы Құқық иеленушінің және/немесе үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын, оның ішінде контентке қатысты авторлық құқықтарды бұзбауға міндеттенеді.
4. Құқық иеленушінің құқықтары мен міндеттері
4.1. Құқық иеленуші Платформада орналастырылатын контентті өз қалауынша анықтауға, кез келген уақытта оны толықтыруға және өзгертуге, сондай-ақ егер бұл контент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе мүдделі тұлғалардың талабы бойынша оны жоюға құқылы.
4.2. Құқық иеленуші Платформада Құқық иеленушінің қызметіне тікелей немесе жанама қатысы бар аудиовизуалды және/немесе өзге де жарнамаларды орналастыруға құқылы.
4.3. Осы Келісімнің шарттары және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, Құқық иеленуші Пайдаланушының Платформаны пайдалануын тоқтатуға, шектеуге немесе толықтай тоқтатуға құқылы.
4.4. Пайдаланушының заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен Құқық иеленушіге материалдық шығын және/немесе іскерлік беделіне нұқсан келген жағдайда, Құқық иеленуші сотқа жүгініп, Пайдаланушыдан залалды өндіріп алуды талап етуге құқылы.
4.5. Құқық иеленуші электрондық пошта және/немесе Платформада көрсетілген техникалық қолдау қызметі арқылы Пайдаланушыға Платформаны пайдалану мәселелері бойынша кеңес беруге немесе ақпараттандыруға міндеттенеді.
4.6. Пайдаланушы ұйым құрамынан шыққан жағдайда (AD жүйесінен жойылса немесе қолжетімділік тобынан шығарылса), Платформаға қолжетімділік автоматты түрде бұғатталады.
5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Пайдаланушы Платформаны пайдаланған кезде жасаған әрекеттері немесе әрекетсіздігі салдарынан Құқық иеленушіге келтірілген дәлелденген зарарды (материалдық шығынды) өтеуге міндеттенеді.
5.2. Құқық иеленуші Пайдаланушының немесе үшінші тұлғалардың Платформа контентін құрайтын ақпарат негізінде қабылдаған кез келген әрекеттері немесе шешімдері үшін жауапты емес.
5.3. Пайдаланушы құпиялылықты сақтамауы салдарынан үшінші тұлғалар олардың жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланып кеткен жағдайда, Құқық иеленуші жауапты болмайды.
5.4. Құқық иеленуші өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін келесі жағдайларда жауапты емес (бірақ олармен шектелмейді):
а) еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары орын алса;
ә) нормативтік құқықтық актілер өзгертілсе немесе жойылса;
б) мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін;
в) байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасы төмендесе;
г) Құқық иеленушіге байланысты емес өзге де себептер бойынша.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Осы Келісімде қарастырылмаған мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
6.2. Осы Келісім бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық даулар Құқық иеленушінің орналасқан жері бойынша сотта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.
6.3. Пайдаланушы Келісім ережелерін бұзып, Құқық иеленуші ешқандай әрекет жасамаған күннің өзінде, бұл оның өз мүдделерін қорғау шараларын кейінірек қолдану құқығынан айырмайды.
6.4. Кез келген уақытта осы Келісім Құқық иеленуші тарапынан толық немесе ішінара арнайы хабарламасыз өзгертілуі мүмкін. Келісімнің жаңа редакциясы Платформада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Осы Келісімге енгізілетін өзгерістерді Пайдаланушы өзі қадағалауға міндетті.
6.5. Ақпараттық жүйені пайдалану мәселелері бойынша барлық өтініштер, ұсыныстар мен сұрақтар келесі электрондық пошта мекенжайына: info-it@cep.nis.edu.kz немесе телефон арқылы: +7 7172 23 57 57 жіберілуі тиіс.
Мен Келісім шарттарын оқып, жеке деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге, сондай-ақ Құпиялылық саясаты мен Пайдаланушы келісімінде көрсетілген өзге де әрекеттерге келісім беремін.