Құпиялық саясат

Құпиялық саясат

«NIS Ustaz» білім беру кеңістігі» ақпараттық жүйесіне қатысты
құпиялық саясаты

Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Саясат) «NIS Ustaz» білім беру кеңістігі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – Платформа) Пайдаланушысының дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау және беру тәртібін айқындайды. Бұл әрекеттер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – Құқық иеленуші) тарапынан жүзеге асырылады.

 

Осы Саясат Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу мен қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

 

Саясат мәтінінде кездесетін барлық терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі. Пайдаланушы осы Саясатта көрсетілгендей өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге тікелей келісімін береді.

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Пайдаланушының Платформаны пайдалануы осы Саясатпен және Пайдаланушының дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау және беру шарттарымен келісетінін білдіреді. 

1.2. Егер Пайдаланушы Саясат шарттарымен келіспесе, Платформаны пайдалануды тоқтатуы тиіс. 

1.3. Осы Саясат тек Құқық иеленушінің Платформасына қолданылады. Құқық иеленуші Платформада қолжетімді сілтемелер арқылы Пайдаланушы өтетін үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және олар үшін жауапты емес.

 

2. Құпиялылық саясатының мәні

2.1. Осы Саясат Пайдаланушының Платформада авторизациядан өту кезінде ұсынған дербес деректерінің құпиялылығын сақтауға және оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге қатысты Құқық иеленушінің міндеттемелерін айқындайды. 

2.2. Осы Саясат аясында жиналуға, өңделуге, сақталуға және берілуге рұқсат етілген дербес деректер (бірақ мұнымен шектелмейді): 

  1. тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); 
  2. байланыс телефондары (үй, ұялы, жұмыс); 
  3. электрондық пошта мекенжайы; 
  4. жұмыс орны туралы мәліметтер (лауазымы, педагогикалық шеберлік деңгейі, мектеп атауы); 
  5. Платформаны пайдалану барысында қажет болатын кез келген өзге дербес деректер.

 

3. Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары 

3.1. Құқық иеленуші Пайдаланушының дербес деректерін келесі мақсаттарда пайдалана алады: 

  1. Платформаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Пайдаланушыны сәйкестендіру, оның ішінде Платформада авторизациядан өткенде және пайдаланушы тіркелгісін ашқанда; 
  2. Платформаның жекелендірілген ресурстарын Пайдаланушыға қол жетімді ету; 
  3. Қол жетімді байланыс арналары арқылы Пайдаланушымен байланыс орнату, оның ішінде Платформаны пайдалану, қызмет көрсету, Пайдаланушының сұраныстары мен өтінімдерін өңдеуге қатысты хабарламалар мен сұраулар жолдау; 
  4. Пайдаланушыға Платформадағы сервистерді, ақпаратты және/немесе материалдарды қолжетімді ету; 
  5. Платформаны пайдаланған кезде туындайтын мәселелер бойынша Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсету; 
  6. Құқық иеленуші ұйымдастыратын және/немесе өткізетін іс-шараларға, конференцияларға, көрмелерге шақырулар, материалдар жолдау, маркетингтік акциялар, сауалнамалар және зерттеулер жүргізу; 
  7. және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да мақсаттарда.

3.2. Осы Саясаттың 3.1-тармағында көзделген мақсаттарда Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға (соның ішінде трансшекаралық беру арқылы) берілуі мүмкін.

 

4. Дербес деректерді өңдеу, сақтау және беру тәсілдері мен мерзімдері 

4.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мерзіммен шектелместен, заңнамаға сәйкес кез келген тәсілмен жүзеге асырылады (оның ішінде дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе онсыз). 

4.2. Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша ғана уәкілетті мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін. 

4.3. Құқық иеленуші Пайдаланушының дербес ақпаратының заңсыз немесе кездейсоқ түрде ашық болуынан, жойылуынан, өзгертілуінен, бұғатталуынан, көшірілуінен, таратылуынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдық және техникалық шараларды қолданады. 

4.4. Құқық иеленуші Пайдаланушымен бірлесіп, Пайдаланушының дербес деректерінің жоғалуынан немесе жария етілуінен туындауы мүмкін залалдар мен өзге де теріс салдардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

 

5. Деректердің қауіпсіздігі 

5.1. Пайдаланушының жеке ақпараты кездейсоқ жоғалмауы, рұқсатсыз қолжетімді болмауы, пайдаланылмауы, өзгертілмеуі және жария етілмеуі үшін Құқық иеленуші қажетті және жеткілікті деңгейде ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдайды. 

5.2. Пайдаланушы ақпаратының қауіпсіздігіне және қорғалуына Пайдаланушының өзіне де жауапты. Пайдаланушы өз деректерінің (логин, құпиясөз және қолжетімді басқа ақпарат) қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шараларды қолдануы қажет. 

5.3. Құқық иеленуші Пайдаланушының құпиялылық талаптарын айналып өту және/немесе қауіпсіздік шараларын бұзушылық әрекеттері үшін жауап бермейді. 

5.4. Құпия ақпарат жоғалған немесе жария етілген жағдайда Құқық иеленуші келесі жағдайларда жауап бермейді: 

  1. егер бұл құпия ақпарат жоғалғанға немесе жарияланғанға дейін жалпыға қолжетімді болса;
  2. егер бұл ақпарат Құқық иеленушіге дейін үшінші тараптан алынған болса.

5.5. Егер үшінші тұлғалар Пайдаланушының дербес деректерін рұқсатсыз пайдаланған болса және бұл Пайдаланушының құпиялылықты сақтамауынан туындаған болса, Құқық иеленуші жауап бермейді.

 

6. Дауларды шешу

6.1. Пайдаланушы мен Құқық иеленуші арасында дау туындап, сотқа жүгінбес бұрын міндетті түрде жазбаша наразылық (дауды өзара бейбіт шешу туралы жазбаша ұсыныс) білдірілуі керек. 

6.2. Наразылықты алған тарап оны алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарастырып, нәтижені наразылық танытқан тарапқа жазбаша түрде мәлімдеуі тиіс. 

6.3. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Құқық иеленушінің орналасқан жері бойынша сот органына беріледі.

 

7. Қосымша шарттар 

7.1. Құқық иеленуші осы Саясатқа Пайдаланушының келісімінсіз өзгерістер енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер Платформада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. 

7.2. Пайдаланушы Саясаттағы өзгерістерді өз бетімен қадағалауы тиіс, ол үшін оның соңғы нұсқасын қарап отыруы керек. 

7.3. Саясатқа өзгерістер енгізілгеннен кейін Пайдаланушы Платформаны әрі қарай пайдаланса, бұл Пайдаланушының өзгерістерді сөзсіз қабылдағаны болып есептеледі. 

7.4. Осы Құпиялылық саясатына қатысты барлық ұсыныстар мен сұрақтар мына электрондық поштаға жіберілуі тиіс: info-it@cep.nis.edu.kz немесе телефон арқылы: +7 7172 23 57 57

7.5. Қолданыстағы Құпиялылық саясаты Құқық иеленушінің Платформасында орналастырылған.