Конференциялар

Avatar
XIV NIS Conference 2025. Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Қазақстанның орта біліміндегі өзгеріс енгізудің көшбасшысы. 2008 жылдан бастап біз Қазақстандағы бүкіл білім беру жүйесіне таралатын мұғалімдерді даярлау үшін инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесін және білім беру ресурстарын әзірледік. Біздің Халықаралық конференциямыз Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда орта білім берудің болашағына мүдделі реформаторлар үшін маңызды оқиға болып табылады. Конференция білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және шешу үшін көшбасшылардың, ойшылдардың, саясаткерлер мен практиктердің жаһандық аудиториясын тартады.

Конференция жұмысы келесі тақырыптық бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
  1. Болашақтың технологиялары мен білім беру ресурстары
  2. Білімдегі көшбасшылық және басқару
  3. Мұғалімдердің оқытуы мен кәсіби дамуы
  4. Оқу бағдарламасы, пәндер және көптілді білім
  5. Бағалау және білім сапасын бағалау
  6. Балалардың тәрбиесі, дамуы және әл-ауқаты