Таңдау циклі
Аккредиттеу жөніндегі эксперттер:
ПӨО хабарландыру жариялағаннан кейін, іріктеуге қатысу үшін үміткер белгіленген мерзімде аккредиттеу порталына (iaa.cpi-nis.kz) өтінім толтырып, келесі құжаттарды қоса тіркеуі қажет:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- білім туралы және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (біліктілік санаты және т.б.) барын растайтын құжаттардың көшірмелері;
- еркін үлгідегі толық түйіндеме (резюме);
- кәсіби құзыреттерді растайтын өзге де құжаттар;
- жұмыс орнынан анықтама (сыртқы эксперттер үшін);
- ұйым басшысы немесе өзге де құзыретті тұлға берген ұсыным хаты. Ұсыным хатта үміткердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері, тиісті саладағы тәжірибесі мен құзыреттілігі, сондай-ақ жұмыстағы мерзімі, негізгі жетістіктері мен сараптамалық қызметке қатысуға ұсынысы көрсетілуі тиіс (сыртқы эксперттер үшін);
- тілдік құзыреттілігін растайтын сертификаттар (бар болған жағдайда).
Аккредитациялық органның үйлестірушісі барлық үміткерлер бойынша мәліметтерді жинақтап, оларды білім беру ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі Эксперттік кеңестің хатшысына одан әрі зерделеу үшін жолдайды. Іріктеу нәтижелері үміткерлерге 10 күнтізбелік күн ішінде электрондық пошта арқылы жіберіледі. Іріктеуден өтпеген үміткер келесі іріктеу кезінде қайта өтінім беруге құқылы.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі аттестаттау комиссиялары:
- Үміткерлердің өтінімдерін ПӨО белгілеген критерийлерге сәйкес қабылдап, бағалау.
- Тәртіптік жаза, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің, ұсынымдар мен кәсіби тәжірибенің бар-жоғын тексеру.
- Соңғы шешімді критерийлер жиынтығы негізінде эксперттік топ қабылдайды.