Іріктеу критерийлері
Аккредиттеу жөніндегі эксперттер:
- Білімі мен ғылыми біліктілігі.
Педагогика, білім беру менеджменті немесе сабақтас салалар бойынша жоғары білім (магистратура немесе одан жоғары).
Артықшылық: ғылыми дәреженің (PhD, ғылым кандидаты) болуы немесе білім сапасын бағалау саласындағы сертификаттар.
- Кәсіби тәжірибе.
Ішкі эксперттер үшін (АОО орталық аппаратының, филиалдарының және еншілес ұйымдарының штаттық қызметкерлері): АОО-да кемінде 2 жыл жұмыс өтілі (басқарушы немесе әдістемелік лауазымдарды қоса алғанда).
Сыртқы эксперттер үшін (АОО аккредиттелген ұйымдарының мамандары): білім беру ұйымдарында мынадай қызметтермен байланысты кемінде 5 жыл жұмыс өтілі:
- оқыту;
- білім сапасын басқару;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
- Білім мен құзыреттер.
- ҚР-ның білім беру және аккредиттеу саласындағы заңнамасын білу;
- АОО аккредиттеу стандарттарын және халықаралық баламаларын (мысалы, CIS, IB) түсіну;
- білім сапасын бағалау әдістерін меңгеру (аудит, деректерді талдау, сұхбат жүргізу).
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі аттестаттау комиссиялары:
Біліктілік пен білім:
- тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бағыт/профиль бойынша жоғары кәсіби білім / бакалавр дәрежесі;
- мемлекеттік тілде сабақ беретін пән мұғалімдері мемлекеттік тілді CEFR шкаласы бойынша кемінде B2 деңгейінде білу;
- Ағылшын тілі мұғалімдері ағылшын тілін CEFR шкаласы бойынша кемінде B2 деңгейінде, ал NIS Program аясында ағылшын тілінде сабақ беретін пән мұғалімдері кемінде B1 деңгейінде білу.
Кәсіби тәжірибе:
- Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл;
- Бағалау іс-шараларына (емтихандар, олимпиадалар, конкурстар) қатысу тәжірибесі;
- Критериалды бағалау қағидаттары мен тиісті нормативтік құжаттарды білу;
- Тексеру үшін қажетті цифрлық құралдарды сенімді пайдалана алу.
Рөлдер бойынша қосымша критерийлер:
Емтихан алушы:
- Оқушыларды бағалау тәжірибесі, оның ішінде жазбаша жұмыстарды тексеру;
- Бағалау критерийлерін білу және оларды тәжірибеде қолдана алу.
Емтихан алушылар тобының жетекшісі:
- Аттестациялық комиссияның жұмысына емтихан алушы ретінде кемінде бір рет қатысу
- Емтихан алушыларға арналған арнайы оқудан/сертификаттаудан өту
- Аттестациялық комиссияның жұмысына емтихан алушы ретінде кемінде бір рет қатысу
- Жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша бас емтихан алушыдан оң баға алу, мұнда бағаланатын дағдылар:
- Басқа емтихан алушыларға нұсқау беру және оларды сүйемелдеу қабілеті
- Ұйымдастырушылық дағдылар, команданы басқару және топтың жұмысын үйлестіру қабілеті
- Бағалау нәтижелерін талдау және тексеру барысында жиі кездесетін қателерді анықтау қабілеті.
Бас емтихан алушы:
- Аттестациялық комиссияның жұмысына топ жетекшісі және апелляциялық комиссия мүшесі ретінде кемінде бір рет қатысу
- Емтихан алушыларға арналған арнайы оқудан/сертификаттаудан өту
- Аттестациялық комиссияның жұмысына топ жетекшісі және апелляциялық комиссия мүшесі ретінде кемінде бір рет қатысу
- Жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша аттестациялық комиссия төрағасынан (ПӨО қызметкері) оң баға алу, мұнда бағаланатын дағдылар:
- Басқа емтихан алушыларға нұсқау беру және оларды сүйемелдеу қабілеті
- Құжаттар мен рәсімдерді жетік білу, эксперттік қорытындыларды рәсімдей алу қабілеті
- Бағалау рәсімі бойынша нормативтік база, регламенттер мен талаптарды терең білу.
- Комиссия жұмысының сапасын бақылау, бағалаудың біркелкілігін және объективтілігін қамтамасыз ету қабілеті.
- Емтихан нәтижелерін талдау және тексеру рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру дағдылары.