Таңдау циклі

Конкурстық іріктеудің кезеңдері, мерзімдері мен талаптары жоба мақсаттары мен шарттарына сәйкес «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалымен айқындалады.

Хабарландыруда келесі мәліметтер көрсетіледі:

 1. конкурстық іріктеуге қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

 2. байланыс деректері (мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта) көрсетілген конкурс өткізу кезеңдері;

 3. құжаттарды қабылдау мерзімі және тізбесі;

 4. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мәліметтер.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізілген күнге дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын аяқталады.

 

Білім беру ресурстары авторларын іріктеу тәртібі

• Оқу-әдістемелік кешендер, оқулықтар, цифрлық білім беру ресурстары және басқа да білім беру ресурстарын әзірлеу және қайта қарау бойынша жобаларға қатысу үшін жеке тұлғаларды конкурс арқылы іріктеу туралы хабарландыру ustaz.nis.edu.kz цифрлық платформасында жарияланады. Хабарландыру жарияланған мерзім кемінде 15 күнтізбелік күнді құрайды.
• Үміткерлердің өтінімдерін қабылдау жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және түйіндеме, мотивациялық хат және (қажет болған жағдайда) шығармашылық тапсырма ұсынуды қамтиды.
• Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге, сондай-ақ оқыту семинарларын ұйымдастыруға жауапты бөлім мамандары тарапынан жүзеге асырылады. Құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігі талданып, сәйкес келген үміткерлер келесі кезеңге – шығармашылық тапсырманы орындауға – жіберіледі.
• Конкурс нәтижелері туралы ақпарат үміткерлерге ustaz.nis.edu.kz платформасындағы жеке кабинеті және/немесе өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық пошта арқылы хабарланады.