NIS Жыл мұғалімі

«Жылдың үздік мұғалімі» атты желілік байқау NIS қауымдастығы үшін жақсы дәстүрге айналды. Байқаудың үздік мұғалімі ДББҰ жетекшілері, Орталықтар және құрылымдық бөлімшелердің директорларынан құрылған қазылар алқасы тарапынан анықталады.

Жыл мұғалімі

Аватар
Муқанова Мақпал Абусадыққызы

«Жылдың үздік мұғалімі – 2023», Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы информатика пәні мұғалімі.

 

2016 жылдан бері Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін оқу бағдарламаларын әзірлеуші.

 

Ол АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде тағылымдамадан өтіп, STEM пәндерін оқытудың әдістемесін меңгерген.

 

Мұғалімдік және әдістемелік қызметінен бөлек, Мақпал — халықаралық STEM Teacher Award сыйлығының иегері, сондай-ақ инклюзивті білім беру бойынша сертификатталған тренер.

 

Ол өз жұмысында заманауи технологияларды, инклюзия қағидаттарын және пәндік терең білімді шебер үйлестіре отырып, Қазақстандағы STEM-білім берудің дамуына зор үлес қосып келеді.

Аватар
Джуссамбаев Мирлан Толегенович

«Жылдың үздік мұғалімі – 2023», 1 орын иегері, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика-математика бағытындағы физика пәні мұғалімі. 

 

CLIL (Content and Language Integrated Learning) бойынша сертификатталған сарапшы ретінде жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқыту бойынша зерттеулер жүргізеді.Оның зерттеу нәтижелері ECER халықаралық конференцияларында (Болзано, 2018; Ереван, 2022), NIS ДББҰ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (2015, 2019) ұсынылды.  

 

KERA Қазақстандық білім зерттеушілері қауымдастығының мүшесі.

Аватар
Шоқанов Бауыржан Сайлауғалиұлы

«Жылдың үздік мұғалімі – 2023», 2 орын иегері, Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика-математика бағытындағы инженерлік-техникалық шығармашылық және ақпараттық технологиялардың кеңейтілген зертханасының меңгерушісі.

Аватар
Дархан Шынғыс Есенғараұлы

«Жылдың үздік мұғалімі – 2023», 3 орын иегері, Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.