Гранттар
2023 жылы АОО ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациядан өтті. Бұл мәртебе ұйымға жаңа мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі мәртебесі АОО-ға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- ғылыми-зерттеу жобаларын гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына қатысу;
- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу.
Гранттық қаржыландыру педагогтерге кәсіби дамуы мен жаңашыл идеяларды іске асыру жолында кең мүмкіндіктер ашады. Гранттық жобаларға қатысу мұғалімдерге өз идеялары мен зерттеулерін жүзеге асырып қана қоймай, білім беру жүйесін мектеп, өңір және ұлттық деңгейде дамытуға үлес қосуға жол ашады.
Педагогтер үшін гранттық қаржыландырудың мүмкіндіктері:
- Жобаларды қаржыландыру – авторлық идеяларды, зерттеулерді, жаңа әдістемелер мен цифрлық шешімдерді іске асыруға арналған ресурстарды алу.
- Кәсіби өсу – зерттеу және жоба жүргізу дағдыларын дамыту, жобаларды басқару, мақалалар жариялау, конференцияларға қатысу.
- Ынтымақтастық – зерттеу топтарында жұмыс істеу, өзге мектептер мен жоғары оқу орындарындағы әріптестермен тәжірибе алмасу.
- Институционалдық қолдау – өтінімдер әзірлеу, жобаларды сүйемелдеу, сарапшылармен кеңесу.
- Халықаралық мүмкіндіктер – шетелдік гранттарға қатысу, тағылымдамалар, ғылыми алмасу және халықаралық бағдарламалар.
конкурстар туралы толығырақ: https://www.ncste.kz/ru/competitions/