Teacher Prize

«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық премиясы қоғамдық маңызы бар бастамалар қоры тарапынан өткізіледі. Мақсаты – үздік үміткерлерді – «Топ-10 KZ» таңдап, оларды «Global Teacher Prize» халықаралық білім беру сыйлығына қатыстыру. Осы үміткерлер «Global Teacher Prize» Елшісі атағына ие болады.

 

«Global Teacher Prize» халықаралық білім беру сыйлығына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтары 2019 жылдан бері қатысып келеді. Бұл мүмкіндік халықаралық қайырымдылық қоры Varkey GEMS Foundation қолдауымен жүзеге асырылады. Таңдау процесінің ашықтығын халықаралық аудит компаниясы PricewaterhouseCoopers бақылайды.